Бұл бөлім Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылдың 26 наурызындағы №207
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін (бұдан әрі - МемТізілім) жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар мен жарғылық капиталында мемлекет қатысы бар ұйымдардың тізілімдерін және олардың қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы ақпараттарын қарау үшін арналған:
- республикалық меншік объектілері бойынша – мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті орган мен экономика секторында мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері;
- облыстық коммуналдық меншік объектілері бойынша – облыстық коммуналдық мүлікті иелік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның қызметкерлері;
- аудандық коммуналдық меншік объектілері бойынша - аудандық коммуналдық мүлікті иелік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның қызметкерлері;
- ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері қарау үшін арналған.
Қазақстанның
Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметкерлеріне МемТізілімнің дерекқорына қолжетімділік беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802
қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген мемлекеттік уәкілетті органның жазбаша өтінімі (
өтінімнің бланкісін көшіріп алу) негізінде МемТізілімнің дерекқорына қолжетімділікті қамтамасыз ету іске асырылады.